2018 жылдың 4-5-ші тамыз күндері Лисаков қаласы әкімдігінің қолдауымен, Лисаков археологиялық экспедициясы, Лисаков мұражайының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасында алғаш рет Халықаралық тарихи құрастырушылар фестивалі өтті. Фестивалдің бастамашысы және басты ұйымдастырушысы болған Лисаков археологиялық экспедиция жетекшісі, Лисаков қаласының құрметті азаматы, ҚР құрметті мәдени қайраткері Усманова Эмма Радиковна(Қарағанды қ.).
4 тамыз күні «Оқу үдерісінде және мұражайтануда тарихи құрастыру» тақырыбында оқу –тәжірибелік семинар өтті, 5 тамыз күні – мұражай тас дәуіріндегі технологияларды, жебенің ұшын, қыш құмыралар, киізден бұйымдар жасау тәсілдерімен танысып және көзбен көріп, тарихи киімдер үлгілерін тамашалады.
Көрермендер үшін Қыпшақ және АлтынОрда жауынгерінің ортағасырлық жеке-жегі үлкен қызық болды. «Легион» тарихи-ролдік модельдеу жастар клубы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Лукашов Виталий Николаевич тарихи құрастыру бойынша тұсау кесер жасады. Ресей Федерациясынан Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті еуразиялық зерттеу Ғылыми - білім беру орталығының ғылыми қызметкері: тарих ғылымдарының доктары, профессор А.В.Епимахов; «Археос» сараптамалық археология орталығының жетекшісі И.А.Семьян (Челябі қ.). Қала тұрғындары киізден дайындалған бұйымдар мен және оның жасалу жолдары туралы Лисаков қаласы әкімдігінің «Балалар көркемсурет мектебі» МКҚК оқу ісінің меңгерушісі және ұстазы С.В. Қаратаеваның арқасында көре алды.
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына норвегиялық географ, саяхатшы, антрополог туралы «Қазіргі заманның Ұлы құрастырушы Тур Хейердал» атты танымал тұлғаны еске алуға арналған көрме ұсынылды.
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/573-festival-istoricheskoj-rekonstruktsii-v-lisakovske-2.html#sigFreeIdddfad7c26d